RU
Өзіңді сағындық інім: Денис Теннің досы желіде жантебірентерлік жазба қалдырды
Жаңалықтар Қоғам

Өзіңді сағындық інім: Денис Теннің досы желіде жантебірентерлік жазба қалдырды

Рассказать Вконтакте

19 қыркүйек күні Денис Теннің өмірден өткеніне екі ай толды. Спортшының досы Қайрат Кәкімжан өзінің Facebook-тегі парақшасында Теннің өлімінен кейін, елден кеткісі келгенін айтып, спортышыға арнап жантебірентерлік жазба қалдырған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан
Source: UGC

Ол желідегі парақшасына былай деп жазған:

"Қалайын ба әлде кетейін бе? Екі айдан астам уақыт өтті. Мен осы уақыт аралығында адамдардан елден кетемін дегенді көп естідім. Олардың кейбірі Америка, Канада, Испания, Жаңа Зеландияға кетіп те үлгерді. Шыны керек, қайғылы оқиғадан кейін, мен де елден кетемін деген шешімге келіп едім. Алайда... Көп ойландым.

Жалпы шетел асқанмен одан не өзгереді деген сауалға жауап іздеп көрдім. Хош, жақындарымды елден әкетіп, шетке кетсем, олар тіпті бірер күнге өз елдеріне, Отандарына келгілері келмейтіндей болады ғой... Неге? Себебі, кезінде қате шешім қабылдағаныма өкінетін едім.

Мен адаммын, сондықтан әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек. Ол үшін көлік айналарын, телефон ұрлауды, заңды бұзған күннің өзінде пара беруді доғаруымыз керек. Таза бизнес құрып, өзімнің тәжірибеммен жастармен бөлісуіміз қажет, балаларға жөнді тәрбие беруге тырысуымыз керек...

Қазіргі біздің проблемамыздың басты себебі неде? Себебі әлеуметтік жауапкершіліктің жоқтығында. Мен де қайғылы оқиғаға дейін, "көппен не болса да шаруам жоқ, басым аман, денім сау болса болды" деген қағидатпен өмір сүрдім...Бәріне мәселені ысырып қойып, елден кету салу оңай әрине...

Деннің өлімінен кейін мен көп нәрсені ұқтым. Ол өзінің тап-таза еңбегімен материалдық тұрғыда біршама жетістікке жетті. Бірақ, ол оның өзінің соңынан тастап кеткен бай мұраның жанында түкке тұрғысыз. Ден өзінен кейін өшпес із, асыл мұра қалдырып кетті. Ол көп адамның өміріне өзінше әсер етіп, мені, баршамызды шабыттандырды. Өзіңді сағындық, асыл інім".

Желі қолданушылары спортшының досының ойының қоғамдағы түйткілді мәселелерге дөп түскенін айтып, алғыстарын білдіріп жатыр. Олар әсіресе "Дұрыс айтасыз", "Денисті мәңгілік ұмытпаймыз", "Осы аталғандардың бәрі іске асса екен" деген сияқты тілектерін жаудырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
3
3
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel