RU
Президент көмекшісі қызметіне тағайындалған Тимур Жақсылықов туралы не білеміз?
Жаңалықтар Қоғам

Президент көмекшісі қызметіне тағайындалған Тимур Жақсылықов туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің көмекшісі қызметіне Тимур Жақсылықовты тағайындады. NUR.KZ назарларыңызға президенттің көмекшісі жайында аз-кем ақпарат ұсынады.

Фото: eurasiancommission.org

Фото: eurasiancommission.org
Source: UGC

Тимур Жақсылықов 50 жаста. Ол Шығыс Қазақстан облысындағы Белоусовка елдімекенінде дүниеге келген.

1993 жылы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "тарих" мамандығы бойынша тәмамдаған.

1997 жылы Страсбург институтының (Франция) магистратурасын бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Семей бизнес және кәсіпкерлік институты директоры қызметінен бастаған. 1997-1998 жылдары Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалау агеттігінде қызмет еткен.

1998 жылдың қазан айы мен 1999 жылдың сәуір айы аралығында Президент әкімшілігінде еңбек еткен.

1999-2002 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Сараптамалық орталығының сектор меңгерушісі қызметін атқарған.

2005-2006 жылдар аралығында "ЦМАИ" АҚ басқарушы директоры болған.

2007-2009 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары, экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарған.

Ал, 2009-2010 жылдар аралығында индустрия және сауда министрлігінің вице-министрі болып еңбек еткен.

2010 жылдың тамыз айынан "Қазақстанның инвестициядық қоры" АҚ басқарма басшысы қызметін атқарған.

2012-2017 жылдары Қазақстан Республикасы сауда және экономикалық даму министрлігі мен ұлттық экономика министрлігінде вице-министр қызметінде болған.

2017 жылдан бастап күні бүгінге дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржылық саясат алқасының мүшесі болған. Үйленген, екі баласы бар.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel