RU
Түркістан облысында педофилге алғаш рет химиялық кастрация жасалады
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында педофилге алғаш рет химиялық кастрация жасалады

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында алғаш рет педофилге химиялық кастрация жасалынбақ деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: ForumDaily

Көрнекі фото: ForumDaily

Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап республикада химиялық кастрация жасауға рұқсат беретін президент жарлығы өз күшіне енбек.

Жазаның мұндай түрі сот шешімімен барлық педофилдерге қолданылады деп күтіліп отыр.

Қазіргі таңда сексуалды белсенділікті төмендету мақсатында республикалық бюджеттен 9,5 миллион теңге қаражат бөлінген.

"Химиялық кастрация" үкімі шыққан әр пациентке шамамен 125 мың теңге кетпек.

Аталған процедура 18 жастан асқан, кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандарға қолданылмақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
1
0
14
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel