RU
Қазақстандық дзюдошы күтпеген жерден әлем чемпионатында күміс медаль алды
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық дзюдошы күтпеген жерден әлем чемпионатында күміс медаль алды

Рассказать Вконтакте

Бакуда дзюдодан әлем чемпионаты өтуде. Доданың екінші күні қазақстандық Ерлан Серікжанов ақтық сынға дейін жетіп, күтпеген жерден күміс медальды иеленді деп хабарлайды SportX.kz.

Фото: SportX.kz

Фото: SportX.kz
Source: UGC

66 кг салмақта өнер көрсеткен Ерлан Серікжанов ақтық сынға дейін, мозамбиктік Жуниора Карлос, израильдік Барух Шмаилов, молдовалық Вадима Бунескудан басым түседі.

Ал, ширек финалда қазақстандық спортшы моңғолдық Херлен Ганболдамен белдескен. Ақтық сында Серікжанов жапондық Хифуми Абемен белдескен. Айта кетерлігі, ол аталмыш салмақтағы қазіргі әлем чемпионы болып саналады. Қазақстандық дзюдошы қарсыласынан жеңіліп, күтпеген жерден ел қоржынына күміс медаль сыйлады.

Бір қызығы, 52 кг салмақта әйелдер арасында Хифуми Абенің туған әпкесі Ута Абе жеңімпаз деп танылған. Ал кеше Қазақстан қоржынына алғашқы медальді Галбадрах Отгонцэгцэг әкелген еді. Ол әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel