RU
Таразда 16 жастағы жігіттің өліміне қатысты жаңа деректер шықты
Жаңалықтар Қоғам

Таразда 16 жастағы жігіттің өліміне қатысты жаңа деректер шықты

Рассказать Вконтакте

Таразда 16 жастағы жеткіншекті мерт қылған төрт жігітке іздеу салынды. Оқиғаға қатысты жаңа деректер шықты деп хабарлайды КТК арнасы.

Көрнекі фото: vestikavkaza.ru

Көрнекі фото: vestikavkaza.ru

Телеарананың бейресми мәліметке сүйеніп хабарлауынша, оқиға көңілді кештен кейін орын алған. Төрт жігіттің қасындағы екі арудың бірінің қолындағы шарды жанынан өткен ер азаматтардың бірі жарып жіберген.

Бұған 16 жастағы жасөспірім шамданып қарсы шығады. Сол сәтте оған бұзақының бірі иек астынан қатты соққы жасап, тас жолға құлатқан. Жерге оңбай құлаған марқұм сол жерде қаза болған.

Қазір аталмыш фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерге іздеу жарияланған.

Еске сала кетейік, кеше Таразда 16 жастағы жасөспірім жігіттің Таразада аялдамады қайтыс болғаны хабарланған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
3
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel