Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғыз президенті атын жамылып жұмысқа тұратын "туыстары" жайлы айтты

Опубликовано:

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков өңірлерге сапары кезінде елде отбасылық басқаруға жол бермейтінін тағы да кесіп айтты. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлайды.

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі. Авторы: Сабыр Аильчиев
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі. Авторы: Сабыр Аильчиев: UGC

Қырғыз көшбасшысының сөзінше, ел арасында "Жээнбеков Бакиевке айналып, туыстарын билікке тартып жатыр екен деген алып-қашпа әңгімелердің" пайда болғанын айтады.

Мұндай қауесеттердің әдейі таралып жатқанын жеткізген Сооронбай Жээнбеков халықтың есіне ешқандай туысын билікке жақындатпайтынын тағы да еске салды.

Ал егер билікке жақындағанын біліп қойған жағдайда қатаң жаза қолданатынын да мәлімдеді.

Жээнбековті айтуынша, қазір өзінің атын жамылып жұмысқа тұратындар пайда болған. Олар өздерін президенттің "туысымын", "досымын" деп таныстыратын көрінеді. Қырғыз көшбасшысының сөзінше, егер мұндай жағдайлар анықталса, олар бірден ұсталып, қатаң жауапқа тартылмақ.

Сөз соңында Сооронбай Жээнбеков бұрынғы президенттердің тәжірибесі өте үлкен сабақ болғанын, мақсаты - халықпен бірге болу және президенттік қызметті тыныш тапсыру екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1754108-kyrgyz-prezidenti-atyn-zamylyp-zmyska-tratyn-tuystary-zajly-ajtty/

pixel