RU
Петропавлда екі қызды оңдырмай қаққан жүргізуші Ресейге қашып кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Петропавлда екі қызды оңдырмай қаққан жүргізуші Ресейге қашып кеткен

Рассказать Вконтакте

Петропавлдағы ойын сауық кешенінің жанында екі қызды қағып, ізін суытқан ер адам әлі табылмай жатыр. Енді оған ресми түрде іздеу жарияланған деп хабарлайды 31 арна.

Илья Старухин. Кадр КТК арнасы

Илья Старухин. Кадр КТК арнасы
Source: UGC

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қос нәзік жандыны қаққан көлік тізгінінде 1991 жылы дүниеге келген Илья Старухин болған. Күдікті таяудда халықаралық іздеуге берілуі мүмкін.

Себебі оқиға болған күні-ақ ер адам екі сағаттың ішінде шекарадан асып, Ресейге қашып кеткен.

Петропавл қалалық мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Дәруен Қайратұлы қазір аталмыш оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктіні екі айға қамауға алу туралы сырттай үкім шығарылған.

КТК арнасының мәліметінше, Илья Старухин қаққан екі бойжеткеннің бірінің беті бері қараса, 25 жастағы келіншек әлі есін жимапты. Оның екі жасар сәбиі бар.

Сіздің реакцияңыз
0
1
4
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel