RU
"Бұл оның сәті": GGG-дің жеңілгеннен кейін неге сұқбат бергісі келмегені белгілі болды
Жаңалықтар Спорт

"Бұл оның сәті": GGG-дің жеңілгеннен кейін неге сұқбат бергісі келмегені белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тапқан Геннадий Головкиннің жекпе-жектен кейін неліктен сұқбат бергісі келмегені белгілі болды. Елдің көкейіндегі сұраққа отандысымыздың бапкері жауап берді деп жазады Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sports.kz

Фото: Sports.kz

Абель Санчестің сөзінше, бұл Сауль Альварестің мерекесі болғандықтан GGG бапкерінен сұқбаттарды кейінге қалдыруды сұраған.

"Тойласын, бұл оның сәті. Біздің сұқбатымыз кейін болады. Осы сәт солармен қалсын", - деген Головкин бапкеріне.

Еске сала кетейік, 16 қыркүйек күні 38 жекпе-жек өткізіп, ешбірінде жеңіліп көрмеген Геннадий Головкин алғаш рет мексикалық Сауль "Канело" Альварестен жеңіліп, орта салмақтағы чемпиондық атағынан айырылып қалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
2
5
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel