RU
Назарбаев Вьетнам президентінің қазасына байланысты көңіл айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев Вьетнам президентінің қазасына байланысты көңіл айтты

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Вьетнам Социалистік Республикасы Ұлттық жиналысының төрайымы Нгуен Тхи Ким Нганға көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Президенттің ресми сайты

Фото: Президенттің ресми сайты

Мемлекет басшысы Вьетнам президенті Чан Дай Куангтің қайтыс болуы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдаған.

"Осы қайғылы сәтте орны толмас қазаға ортақтаса отырып, Сізге, марқұмның отбасына және туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын.
Чан Дай Куанг бар ғұмырын Вьетнамның дамуы мен өркендеуіне, халықаралық аренадағы беделін арттыруға арнады. Ол елдеріміз арасындағы достық және серіктестік қарым-қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқан көрнекті қайраткер ретінде қазақстандықтардың есінде қалады", – делінген жеделхатта. 

Еске сала кетейік, 21 қыркүйек күні Вьетнам президенті Чан Дай Куангтың 61 жасында ауыр дерттен қайтыс болғаны хабарланды.

Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel