RU
Зейнеп Ахметова шалбар киіп келген ақтөбелік журналистке сұқбат бермей қойған
Жаңалықтар Қоғам

Зейнеп Ахметова шалбар киіп келген ақтөбелік журналистке сұқбат бермей қойған

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеге келген әйгілі батыр Бауыржан Момышұылының келіні Зейнеп Ахметовадан сұқбат алмақшы болған журналистің көңілі су сепкендей басылған. Бұған Гүлсая Ыбырайдың сұқбат алуға шалбар киіп келгені себеп болған жазады NUR.KZ.

Фото: Гүлсая Ыбырайдың facebook парақшасынан алынған

Фото: Гүлсая Ыбырайдың facebook парақшасынан алынған

Ақтөбеде орын алған оқиғаны журналистің өзі желідегі парақшасында баяндады. Айтуынша, өзіне берілген тапсырманы орындау үшін өңірге келген Зейнеп Ахметовадан пікір алуға асығады. Алайда жоспары іске аспаған.

"Таң атпай баланы массажға апарып келіп, сол күйі асығыс "Анаға тағзым" ғимаратына жүгірдім. Үстімде спортивка. Досикті (журналистің баласы ред.ескертпе) массажға тасып жүріп, белімді ауыртып алған соң, шойнаңдап жүрген қалыппен көйлек кию ерсі көрінді. Қалауша апайды құттықтап, апаның қайда екенін сұрадым. "Өнер орталығына" беттепті. Жақсы. Соңғы 500 теңгеме такси ұстап, ғимараттың алдынан түсіп қалдым. Слет басталып кеткен. Ішіне кіріп мазалауға ыңғайсыз. Сол күйі фойеде 2,5 сағат шараның бітуін күттім", - деген журналист бұл жерде де Зейнет Ахметовамен тілдесе алмаған.

"Таныс журналистер бағыт берген соң, бір сағаттай кідіріп, "Шығармашылық академиясына" беттедім. Раукен Отыншинмен келді. "ША"-ның басшысы көрмені аралатып болғанша күттім. Бір кезде қасына жақындап, амандасып, шалбар киіп келгеніме кешірім сұрап, бірауыз пікір сұрадым. Маған жақтырмаған күйі көз тастады да, "шалбар киген журналиске сұқбат бермеймін" деді. Тосылып қалдым. Жүріп кетті", - дейді Гүлсая Ыбырай.

Журналистің жазуынша, ол даңқты батырдың келінімен сұқбатқа әбден дайындалған. Тіпті, этнограф-жазушының бүкіл кітабын оқып шыққан екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
21
2
9
12
3
62
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel