Ақмолалық спортшы қыз Ресейдің Тула қаласында өткен жарыста қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанды деп хабарлайды Қазақпарат.
65 келі салмақта өнер көрсеткен Зарина Қанафина Ресей және Иран елінің спортшыларын тіз бүктіріп, алтын медальді жеңіп алған.
Айта кетейік, жарысқа әлемнің 37 елінен жиналған 18 және 21 жасқа дейінгі жастар қатысып, жеңімпаздар 47 салмақ бойынша анықталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1754156-akmolalyk-kyz-koan-koltyk-rystan-lem-cempiony-atandy-foto/