RU
Қырғызстанның вице-министрі "Эйр Астана" бортында шу шығарды
Жаңалықтар Әлемде

Қырғызстанның вице-министрі "Эйр Астана" бортында шу шығарды

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның Еңбек және әлеуметтік даму вице-министрі Зууракан Каденова Сеул-Алматы- Бішкек рейсін орындаған "Эйр Астана" бортында шу шығарған деп хабарлайды 24.kg порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Зууракан Каденова. Фото: azattyk.org

Зууракан Каденова. Фото: azattyk.org
Source: UGC

Оқиға жайлы өзге жолаушылар айтқан. Шенеуніктің ұшақтан түсіріліп тастағаны хабарлануда. Куәгерлер министр орынбасарының мас күйінде болғанын айтады.

Қазіргі таңда Каденова Сеул әуежайында. Оның сөзінше, дипломаттар оған көмектеспей жатқан көрінеді.

Қырғызстан елшісі Кылычбек Султанның айтуынша, елшіліктің қызметкерлері вице-министрмен кездесіп, мәселенің анық-қанығын анықтау үшін оған қонақүйге баруға ұсыныс жасаған. Алайда ол бас тартқан.

Елшінің сөзінше, дипломаттар қазір әуежайда.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel