RU
Сауд Арабиясында алғаш рет әйел адам жаңалықтар жүргізушісі болып тағайындалды
Жаңалықтар Әлемде

Сауд Арабиясында алғаш рет әйел адам жаңалықтар жүргізушісі болып тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Сауд Арабиясында бұрын-соңды болмаған оқиға орын алды. Мемлекеттік арналардың бірінде жаңалықтар жүргізуге алғаш рет әйел жүргізуші тағайындалған деп жазады trt.net.tr сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: trt.net.tr

Фото: trt.net.tr

Виам эд Дахиль күні кеше алғаш рет жаңалықтардың тікелей эфиріне шықты. Ол кешкі жаңалықтар тізгінін Омер эн Нешван есімді диктормен бірге жүргізіп өтті.

Дахиль ливандық-америкалық университеттің журналистика факультетінде оқып шыққан. Тележүргізушілік қызметіне дейін бас кеңсесі Лондонда орналасқан "Al-Hayat" басылымында, Катарға тиесілі "Әл Джазира" мен "Әл-Араб" атты телеарналарында жұмыс істеген.

Соңғы кездері Сауд Арабиясында әйелдер қауымының құқықтарын барынша ұлғайтуға қатысты шаралар қолдануда. Енді бұл елдің әйелдері көлік айдап, өздігінен фирмалар ашып және спорттық алаңдарда ойын тамашалай алатын болған.

Сауд Арабиясы 2030 жылға қарай әйелдердің еңбек нарығындағы пайызын 22-дан 30-ға дейін көбейтпек.

Мемлекет тарапынан болған мұндай бастамалар жергілікті қыз-келіншектерге ұнап жатқаны сөзсіз. Ұзақ жылдар бойы асқан теңсіздікке тап болып келген әйелдер енді жаңа өмір бастағандай болғандарын айтуда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel