RU
"Айына миллион теңге": Ақша үшін тоқал болғысы келген ару көптің ашуына тиді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Айына миллион теңге": Ақша үшін тоқал болғысы келген ару көптің ашуына тиді (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық бағдарламаға келген жас бойжеткен ел алдында тоқал болудан жасқанбайтынын жайып салды. Ару тікелей эфир кезінде айына бір миллион теңге төленіп тұрса, ер адамға бар махаббаты мен уақытын арнайтынын жасырмай айтты деп жазады NUR.KZ.

"Өз ойым" бағдарламасына қонақ болып келген қазақ қызы бір миллион теңге үшін тоқал болудан тайынбайтынын айтып, жұртты ашуландырды. Тікелей эфир барысында өткір мәлімдеме жасаған ару көптің қаһарына ұшырады.

"Бір миллион теңге үшін мен онымен бірге уақыт өткіземін, бар махаббатымды сыйлаймын. Мені жеңілтек қыз деп ойлап қалмаңыздар. Мен оған бала туып берем, қыз бен жігіт сияқты жүретін боламыз" , - деді бойжеткен.

Көзілдірік киіп өзінің кім екенін жасырып қалғысы келген ару жағдайын жасап алу үшін тоқалдыққа бармақшы екенін де айтып өтті. Оған қоса, оның мұндай өмірлік мақсатынан ата-анасы хабарсыз болып шыққан.

Студияға эиылған көрермендер мен желі оқырмандары қазақ қызының бұл қылығына наразылықтарын білдіріп, жағымсыз пікірлерін аяусыз жаудыруда.

"Масқара жеткен жеріміз осы. Қазіргі қыздарда ұят деген атаулысымен жоқ"
"Айына миллион теңге төлеп тұрғанша, күніне 20 мың беріп 50 күн елу қызбен жүрген артық"
"Қазақ қыздарында намыс жоқ. Саған миллион теңгесін кім берсін"
"Ең болмағанда ата-анаңнан ұялмайсыңба? Жерге кіріп кете жаздап отырған шығар саған қарап" , - деп жазды оқырмандар.

Бағдарлама үзіндісі Instgram желісіндегі kaz_stars парақшасында жарияланған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
26
1
12
2
1
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel