RU
Жексенбі күніне арналған ауа-райының болжамы
Жаңалықтар Қоғам

Жексенбі күніне арналған ауа-райының болжамы

Рассказать Вконтакте

"Қазгидрометтің" хабарлауынша, 23 қыркүйек күні еліміздің бірқатар өңірлерінде жаңбыр жауып, қатты жел соқпақ. Оған қоса, синоптиктер республиканың басым аумағында найзағай ойнайды деген болжам жасады деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото. ria.ru

Фото. ria.ru
Source: UGC

Ақмола, Павлодар облыстарында кей жерлерге тұман түсіп, жылдамдығы 15-20 м\c жел соқпақ. Шығыс Қазақстан облысында да жел күшейе түспек, таңертен және түнгі уақытта тұман басу басады.

Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы елді-мекендерде желдің күші 15-20 м\c дейін жетіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түспек. Жамбыл облысында да қатты жел байқалып, найзағай ойнайды. Қарағанды облысында түнде желдің жылдамдығы күшейеді.

Республиканың басым өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

"Тек батыста антициклон ықпалынан күн ашық болады деп болжануда", — дейді метеорологтар. 

Маңғыстау мен Қостанай облыстарын тұман басады. Түркістан облысында болса найзағай жарқылдайды деген болжам бар.

Алматы қаласында дабылды ескерту жарияланған. 24-25 қыркүйек күндері оңтүстік мегаполисте нөсер жауыннан су деңгейінің көтерілуі орын алу мүмкін. Ал Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, сонымен қатар Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel