RU
Мөлдір Әуелбекованың күйеуімен қайта қосылғаны рас па? (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мөлдір Әуелбекованың күйеуімен қайта қосылғаны рас па? (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова соңғы берген сұхбатында ажырасып кеткен күйеуінің баласын іздеп келмейтіні туралы ашық айтқан болатын. Алайда, ғаламтор кеңістігіне тарап кеткен соңғы видеосы желі оқырмандарын ойландырып қойды деп жазады NUR.KZ.

Аталмыш бейнежазбада Мөлдір Әуелбекова баласымен жүгіріп, ойнап жүргені көрініс тапты. Алайда, желі қолданушылар күдігін видеоны түсіріп тұрған ер адам тудырған.

Қалың көпшілік бір ауыздан анасы мен баласының ерекше сәтін отандық әншінің жолдасы түсіріп тұр деп болжады. Оған Мөлдір Әуелбекованың баласына "папаңды ат" деп айтқаны дәлел болса керек.

Желідегілер отандық әншінің жұбайымен татуласқанын болжап, өз таңданыстарын жасыра алмаған.

"Араласпаймыз дегены қайда? Тағы да пиар болғаны ма?
"Қосылған ба қайтадан? Бақытты болыңыздаршы"
"Видеоны күйеуі түсіріп тұрма не?, - деп жазды оқырмандар.

Алайда, отандық продюсердің белсенді жанкүйерлері бейнежазбадағы ер адам Мөлдірдің інісі екенін айтып, көпшіліктің күдігіне нүкте қойды. Анықталғандай, Әуелбекованың ұлы анасының бауырын әке деп атайды.

Отандық әншінің бақытты сәтіне куә болғандардың кейбірі оның бұрынғы күйеуімен татуласып, қайта қосылуларын тілеген.

Аталмыш видео Intsgram желісіндегі kaz_stars парақшасында жарияланған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel