RU
Поветкин-Джошуа: Ресейлік боксшы мансабында алғаш рет нокаутқа түсті (фото, видео)
Жаңалықтар Спорт

Поветкин-Джошуа: Ресейлік боксшы мансабында алғаш рет нокаутқа түсті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританиялық боксшы Энтони Джошуа ресейлік қарсыласын жеңіп, ауыр салмақ категориясының әлем чемпионы атанды. Спортшы Александр Поветкинді нокаутқа түсірген деп жазады NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru
Source: UGC

Ресейлік боксшы кездесудің жетінші раундында алдымен нокдаун алып, артынан Джошуа жаудырған жойқын соққылар салдарынан нокаутқа түскен. Жекпе-жек аяқталған соң, Александр Поветкинге медициналық көмек қажет болды.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru
Source: UGC

Ауыр салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған Энтони Джошуа қарсыласының мықты әрі осал тұстарын толығымен зерттеп шыққанын айтты.

"Мен оның басқа жаудырылатын соққыларының қатты екенін де, кеудеге бағыттайтын соққыларының әлсіз екенін де жақсы білгем" , - деп айтты ұлыбританиялық боксшы.
Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru
Source: UGC

Поветкин өз кезегінде, қарсыласының мықтырақ болғанын мойындады.

"Шаршамадым. Жекпе-жекті жоспар бойынша жүргізіп келдім. Бірақ зейінсіздік танытып, ауыр соққы жіберіп алдым." , - деп ақталды ресейлік боксшы.
Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru
Source: UGC

Айта кетейік, бұл Поветкин мансабындағы екінші жеңіліс. Бірінші рет ол 2013 жылы украиналық Владимир Кличкоға есе жіберген болатын. Алайда, Джошуамен жұдырықтасу кезінде ресейлік боксшы мансабында алғаш рет нокаутқа түсіп ұтылды.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru
Source: UGC

Ұлыбританиялық боксшы BF, WBA, WBO және ІBO нұсқалары бойынша әлем чемпиона тағын сақтап қала алды. Оған қоса, 22 кездесу бойынша жеңіліп көрмеген боксшы, оның 21-ін нокаутпен аяқтаған.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru
Source: UGC

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel