Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Поветкинді жеңіп кеткен Джошуа жекпе-жекке Головкиннің әнімен шыққан

Опубликовано:

Ұлыбританиялық боксшы Энтони Джошуа жекпе-жекке шығуға The White Stripes — Seven Nation Army әнін таңдаған. Ең қызығы, бұл әдетте Геннадий Головкиннің алаңға шығатын әуені. Қазақстандық боксшының промоутері Джошуаның дәл осы әнді таңдауы бекер емес екенін айтты деп жазады NUR.KZ.

Фото: sportsbox.com
Фото: sportsbox.com: UGC

Аталмыш әуен GGG-дің алаңға шығар алдында шырқалатынын күллі әлем біліп үлгерген. Ұлыбританиялық боксшының бұл әрекетін Головкиннің промоутері де байқаусыз қалдырмаған.

Том Леффлер Энтони Джошуа бұл әрекетімен бір апта бұрын төрешілердің даулы шешімімен жеңіліс тапқан Головкинге өз қолдауын білдірсе керек деген болжам жасады.

"Тіпті, Энтони Джошуа Головкиннің жеңгеніне сенімді. Ол тіпті, өз жекпе-жегіне арнайы Seven Nation Army әнімен шығып отыр" , - деп жазған промоутер.

Айта кетейік, Энтони Джошуа күні бүгін танымал ресейлік боксшы Александр Поветкинді нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Жекпе-жек соңынан ұлыбританиялық боксшы қарсыласына арнайы барып, оған басын иген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1754216-povetkindi-zeip-ketken-dzosua-zekpe-zekke-golovkinni-nimen-sykkan/

pixel