RU
Сарапшылар Ауғанстандағы соғысты тоқтатудың жалғыз жолын айтты
Жаңалықтар Әлемде

Сарапшылар Ауғанстандағы соғысты тоқтатудың жалғыз жолын айтты

Рассказать Вконтакте

Ауғанстан ұлттық ассамблеясының ішкі қауіпсіздікке жауапты комиссия мүшесі әрі Бағлан елдімекенінен арнайы сайланған депутат Делауар Аймақ қаншама жылдан бері жүріп жатқан сұрапыл соғысты тоқтату үшін Ресей мен АҚШ бейбіт келісімге келуі керек екенін мәлімдеді деп жазады РИА Новости.

Сарапшылар Ауғанстандағы соғысты тоқтатудың жалғыз жолын айтты

Ауғанстандағы соғысқа қатысқан сарбаздар. Фото: РИА Новости
Source: UGC

"Бұған, әрине, қол жеткізу оңай емес, дегенмен Ресей мен АҚШ өзара келісімге келсе, Ауғанстан халқы бейбіт күн кешер еді",- дейді саясаткер.

Депутаттың сөздерінше, АҚШ тарапы ауған жеріндегі соғыстың тоқтауына мүдделі емес, себебі, әскери контингентін бұл елге қалдыруға желеу таппайды.

Америка Құрама штаттарының Ауғанстаннан кетпеуі Орта Азия елдеріне билік ету мақсатымен байланысты.

"Негізінде ауғандар соғысып жүрген секілді көрінгенімен, расында бұл соғысты АҚШ пен Ресей жүргізіп отыр",- деді ол сөз соңында. 
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
8
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel