RU
Ерке Есмахан өзінің туған сіңлісінің ұзату тойын дүркіретіп өткізді (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ерке Есмахан өзінің туған сіңлісінің ұзату тойын дүркіретіп өткізді (видео)

Рассказать Вконтакте

Халық арасында кеңінен таралған хит әндердің орындаушысы, отандық әнші Ерке Есмахан өзінің туған сіңлісін тұрмысқа берді. Ақтөбеде дүркіретіп өткен ұзату тойында әртістің өнердегі достары бой көрсеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Еркенің өмірде ғана емес, шоу-бизнесте де жанында жүрген Ақбөпе есімді сіңлісі сүйіктісі Тимурмен бас қосты.

Нұржан Керменбаев, Гүлнұр Оразымбетова, Бейбіт Көшқалиев, Айнұр Тұрсынбаева сынды өнер жұлдыздары келген тойдың қызықты сәттерімен әншінің өзі желідегі парақшасында белсенді бөлісіп отырды.

Ақтөбедегі мейрамханалардың бірінде өткен той тізгінін қызылордалық әзілкештер ұстаса, әнші Гүлнұр Оразымбетова мерекелік жиынның басты себепкерін ортаға өз әнімен алып шыққан.

Сондай-ақ, өзге отандық әншілер де өздерінің хит әндерін орындап, қонақтардың көңілін көтерген.

Олардың арасында "Самая вышка" әнімен танылған Артур мен Райм да бар.

Өнер иелері Еркенің отбасындағы қуаныштан желідегі парақшаларына суреттер мен видео жүктеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
0
0
4
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel