RU
"Таза понт": Қымбат көлікте отырған Қайрат Нұртас көпке жақпай қалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Таза понт": Қымбат көлікте отырған Қайрат Нұртас көпке жақпай қалды

Рассказать Вконтакте

Желідегі парақшасына видео жүктеген Қайрат Нұртастың басы дауға қалды. Қымбат көлік ішінде отырған сәті үшін көпшілік отандық әншіні жақтырмай қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Хитменнің әрекетін көпшілік "мақтаншақтықпен" байланыстырып, түрлі пікір білдіріп үлгерген.

"Қайрат, бар байлығыңды ел алдына шығара берме", "Жұртты жалықтырып алдыңдар", "Тіл-көз бар деп ойламайсың ба", "Әр сәттеріңді көрсете беріңдер осылай", "Ұят емес пе? Қаншама адам аш-жалаңаш жүр", "Мұндайды қою керек", "Таза понт қой мынау", - деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын әншінің жары Жұлдыз Әбдікәрімова ұлттық арнадағы бағдарламаның тізгінін ұстаған болатын.

Алайда көпшілік Қайраттың жарын бұл қызметке "пара" берген деп айыптаған болатын.

Әнші бұл айыптауларға жауап беріп, "қаласа Жұлдызды қызметінен шығарып алатынын" жасырмады.

Сондай-ақ, әншінің Болат Назарбаевтың қызымен клип түсіргені жайлы ақпарат та таралып кеткен еді.

Сіздің реакцияңыз
40
2
4
1
0
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel