Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Геннадий Головкинге "бір миллиард доллардың" жобасы ұсынылмақшы

Опубликовано:

Matchroom промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн Геннадий Головкинге DAZN стримингті қызметімен келісімшартқа отыруды ұсынбақшы деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Эдди Хирн. Фото: ringside24.com
Эдди Хирн. Фото: ringside24.com: UGC

Хирннің сөзінше, ол GGG-мен DAZN серіктестігі туралы сөйлесуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Эдди бұл қазақстандық боксшы үшін таптырмас мүмкіндік болуы мүмкін екенін айтады.

Айта кетейік, Геннадий Головкин алты жыл бойы НВО қорғаушылығымен өнер көрсетіп жүрген. Ал "Канеломен" өткізген кездесуі келісімшарт бойынша спортшының соңғы ойыны болған еді.

Қазіргі уақытта отандасымыз - тәуелсіз агент.

Vesti.kz жазуы бойынша, жақында Хирн DAZN-мен бір млрд долларға келісімшартқа отырған. Енді ол 32 бокс кешін өткізуі керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1754257-gennadij-golovkinge-bir-milliard-dollardy-zobasy-synylmaksy/

pixel