RU
Көлік салонынан шығып кеткен Rolls-Royce жүргізушісі жындыханаға жабылды
Жаңалықтар Қоғам

Көлік салонынан шығып кеткен Rolls-Royce жүргізушісі жындыханаға жабылды

Рассказать Вконтакте

Алматыда қыста көлік салонынан Rolls-Royce автокөлігімен шығып кеткен азаматқа қатысты сот үкімі шығарылды деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: zakon.kz/ видеодан кадр

Фото: zakon.kz/ видеодан кадр

Сотта 28 қаңтар күні сағат 12:00-де күідкті азамат әл-Фараби көшесіндегі "Бавария" көлік салонында Rolls-Royce көлігіне отырып, сыртқа шығып кеткені айтылды.

"Нәтижесінде, ол "Rolls Royce" автокөлігіне зақым келтіріп, "Бавария Автоорталық Сауда үйі" ЖШС салон витражына 45 276 343 теңге материалды зиян келтірді",- делінген сот шешімінде.

Сот-психиатриялық сараптамасы көрсеткендей, 1990 жылы туған азамат "параноидті шизофрения" психикалық ауытқуына ұшыраған.

Нәтижесінде ол соған байланысты тергеу мен сот алдына келе алмайтыны, мәжбүрлі түрде психиатриялық орталықта ем қабылдау қажеттігі де айтылады.

Сотталушы қылмыстық жазадан босатылып, тұрғылықты мекен-жайы бойынша психиатриялық орталыққа жіберілді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel