RU
Ақмола облысында дүкеннен балмұздақ жеген ару түрмеге түсе жаздады
Жаңалықтар Қоғам

Ақмола облысында дүкеннен балмұздақ жеген ару түрмеге түсе жаздады

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысының тұрғыны балмұздақ жеймін деп түрмеге түсе жаздады. Ол дүкенге ұрлыққа түсіп, 15 мың теңгенің балмұздағын қолды еткен деп жазады Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: euroradio.fm

Көрнекі фото: euroradio.fm

Оқиға Түркістан облысының Сарыағаш ауданында орын алған. Бойжеткен түн уақытында дүкенге ұрлыққа түсіп, 15 мың теңгенің балмұздағын жеп қойған.

Дүкен иесі тәртіп сақшыларына бірден арыз жазып, олар Ақмола облысының тумасын ұстапты. Бойжеткен өзінің балмұздақ үшін ұрлыққа түскенін жасырмаған.

Балмұздақ жеймін деп шалыс басқан ару енді түрмеге тоғытылуы мүмкін. Десе де, мамандар егер дүкен иесімен келісімге келсе, іс насырға шаппауы мүмкін дейді.

Қазіргі таңда аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ⠀

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel