RU
Ақтөбе тұрғыны есірткі үшін туған анасын баспалдақтан итеріп жіберді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтөбе тұрғыны есірткі үшін туған анасын баспалдақтан итеріп жіберді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе қаласының 27 жастағы тұрғыны есірткі үшін анасынан ақша талап етіп, өзін-өзі өлтіремін деп қорқытқан. Бұл туралы diapozon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: smolnarod.ru

Көрнекі фото: smolnarod.ru
Source: UGC

Оқиға Қарғалы ауылында болды. Есірткіге ақша сұраған Эмирбек Ахметов анасын суицид жасаймын деп қорқытқан.

Ол ваннада өзінің тамырын кесіп, артынша анасын баспалдақтан итеріп жіберген екен. Эмирбек құлаған анасына жақындай бергенде полицейлерді байқап, пәтерге кіріп кетіпті.

Артынша қолына пышақ алып шығып, тәртіп сақшысын басымен ұрып құлатқан көрінеді.

Нәтижесінде, полицейдің мұрны жарақаттанған. Ал билік өкіліне қарсы шабуыл жасаған Ахметовке қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Сотта Эмирбек Ахметов анасымен ұрысқан соң өз тамырын кескенін айтқан. Ал полицейлерге қарсы әрекетке ашумен барғанын айтып, өзін қатаң жазаламауды сұрапты.

Сот оны бір жарым жылға бас бостандығынан айырып, 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тартты.

Сондай-ақ, ол есірткіге тәуелділіктен айыратын ем қабылдайтын болды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel