RU
"Өмір бойы ойымда тұрды": Назарбаев өзін үлкен нәрсе күтіп тұрғанын сезген (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Өмір бойы ойымда тұрды": Назарбаев өзін үлкен нәрсе күтіп тұрғанын сезген (видео)

Рассказать Вконтакте

Президент телерадио кешені Instagram парақшасында Нұрсұлтан Назарбаев берген сұхбаттан үзінді жариялады. Онда елбасы өзінің студенттік кездегі таңғы ритуалы туралы айтқан.

Фото: 24.kz

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: 24.kz
Source: UGC

Президенттің айтуынша, студенттік шағында күнде таңертең бір ритуалды қайталай берген екен.

"Политехникалық институтта студент болып жүріп күнде таңертең жуынып жатқанда айнаға қарайтынмын. Сөйтіп өзіме "өз елің үшін еңбектенуің керек" деп, үнемі айта беретінмін", - дейді елбасы.

Назарбаев өзін алда үлкен нәрсе күтіп тұрғанын сезгенін айтты.

"Мен өте арманшыл адаммын. Бала кезімнен-ақ өзімді алда үлкен нәрсе күтетініне сенетінмін. Бұл өмір бойы менің ойымда болды, оның тіпті қайдан келгенін де білмеймін", - деді ол.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel