RU
Әйгілі әнші Рианна елшілік қызметке тағайындалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әйгілі әнші Рианна елшілік қызметке тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Америкалық әнші Рианна Кариб аралындағы Барбадос мемлекетінің төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы korrespondent.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Әншінің өміріндегі маңызды жаңалықты Барбадос үкіметінің ақпараттық қызметі бөліскен.

"Рианна өз Отанын қатты жақсы көреді. Ол тіпті қайырымдылық акцияларында да байқалады. Әсіресе білім және денсаулық сақтау саласына аса ден қоюда", - деп жазылған ресми хабарламада.

Рианна болса Барбадосты көркейту жолында аянбай еңбек ететінін алға тартқан.

Айта кетейік, әнші 1988 жылы Бабадостың Сент-Майкл қаласында дүниеге келіп, 17 жасында АҚШ-қа көшіп кеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel