RU
Ұлттық ұланның сарбаздары Теміртауда адам өлтірген күдіктіні әп сәтте ұстады
Жаңалықтар Қоғам

Ұлттық ұланның сарбаздары Теміртауда адам өлтірген күдіктіні әп сәтте ұстады

Рассказать Вконтакте

Теміртау қаласындағы Ұлттық ұланның 5516 әскери бөлімінің аға лейтенанты мен аға сержанты кафелердің бірінде ер адамды өлтіріп, қашып кеткен күдіктіні әп сәтте қолға түсірді деп хабарлайды NUR.KZ.

цыппм

Аға лейтенант Бектібаев пен аға сержант Бердияров. Фото: Ұлттық Ұлан баспасөз қызметі, коллаж: NUR.KZ
Source: UGC

Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аға лейтенант Бектібаев пен аға сержант Бердияров күндізгі сағат 12:00-ге таман көшедегі кафелердің бірінен көмекке шақырып, айқайлаған дауысты естіп қалады.

Оқиға орнына жүгіріп жеткен сарбаздар адам өлімі орын алғанын куәгерлерден естіп біледі. Сондай-ақ, олар күдіктінің зып беріп қашып кеткенін де байқап қалады.

Кісі өлтірген азаматтың базарға қарай бағыт алғанын болжаған әскерилер қарап тұрмай, бірден оның соңына түскен.

Сәлден соң күдіктіні қуып жеткен Бектібаев жекпе-жек әдісін қолданып, қашқынды әп дегенде құрықтайды.

Кейін кафе қызметкерлері Теміртау қалалық ІІБ тергеу тобының мамандарын шақырып, кісі өліміне күдікті азамат құзырлы орган қызметкерлеріне тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
6
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel