RU
Шымкент басшылығы өз уәделерін орындай бастады (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Шымкент басшылығы өз уәделерін орындай бастады (видео)

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласының басшылығы өз уәделерін орындай бастады. Енді шалғайда орналасқан ықшам аудандарда тұрақты автобустар жүретін болды. Бұл туралы otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 37-отырысында жолаушылық транспорттың жұмысын жақсарту үшін 120 млн теңге бөлінгені айтылды.

Одан бөлек, қала басшылығы енді 300 автобусты сатып алады.

"Биылғы жылы біз 300 жаңа автобус сатып аламыз. Олардың саудасына қатысты келісімшарттарды жүргізу аяқталып қалды. Осыған байланысты Даму банкімен келіссөздер жүріп жатыр. Келесі жылы біз 700 автобус сатып аламыз.
Біздің алдымызда осы екі жылда 1000 автобус алу мақсаты тұр. Бұл қаладағы барлық көлік мәселесін шешеді", - деді қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel