RU
17 жылға сотталған астаналық жігіт түрмеде отырып-ақ тоғыз мейрамхананы тонаған
Жаңалықтар Қоғам

17 жылға сотталған астаналық жігіт түрмеде отырып-ақ тоғыз мейрамхананы тонаған

Рассказать Вконтакте

31 жастағы Юрий Акатов адам өлтіргені мен ұрлық істегені үшін 17 жыл бас бостандығынан айырылған. Алайда ол түрмеде де алаяқтық іспен айналысып үлгерген деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фотго: Фото: prison.org

Көрнекі фотго: Фото: prison.org
Source: UGC

Акатов 23 жасында сот алдында алаяқтық пен ұрлық ісі үшін барған. Алайда сол уақытта азамат тек шартты жаза алып құтылған екен. Екі жылдан соң Юрий тағы да "адам өлтіру" ісі бойынша сотталушылардың орнына отырыпты.

Осылайша, Астана тұрғыны 17 жыл бас бостандығынан айырылып, Ақмола облысындағы аса қауіпті қылмыскерлердің қатарына отырған.

Түрмеде әркімнің айналысатын ісі бар болған соң, Юрий де қол қусырып отырмай, адамдарды алдаудың тәсілін ойлап тауыпты. Ол ұялы телефон тауып, әлеуметтік желі арқылы алаяқтық істерін жүзеге асырып отырған екен.

Тұтқын ісін Астана қаласындағы "Шашлыкофф"мейрамханасынан бастаған. Ол мекемеге хабарласып, өзін "ҚазМұнайГаз" қызметкері Сергей Борисов ретінде таныстырып, өзіне кеңсеге тамақ әкеліп беруін сұраған.

Одан бөлек азамат қымбат шарап алғысы келгенін айтыпты. Мейрамханада мұндай шарап болмаған болмаған соң, ол жолдан дүкенге кіруді өтінген екен.

35 мың теңге тұратын сусынның ақшасын жеткізген уақытта беремін деп келіскен ол жеткізушінің нөмірін алып, оған екі шарапты өзі алып қойғанын, енді ол компания қызметкерінің Qiwi әмиянына ақша аударуы қажеттігін өтінген екен. Юрий жалпы соманы ресторанға өзі төлейтінін айтыпты.

Дәл осы әрекетті Юрий "Чапан" кафесіне де қолданған. Бұл орын тұтқынға 45 мың теңге аударып жіберіпті.

Ол бұл алаяқтық істерін "Fun Town" (120 мың теңге) , "Nuestra Kassa"(30 мың теңге), "Кым Сан" (140 мың теңге), "Жібек жолы" (170 мың теңге), "Капитал" (200 мың теңге) , "Принцесса" (98 мың теңге), "Корова" бары (292 мың теңге) сынды орындарда жүзеге асырып отырған.

Алаяққа алданбаған тек Grill&Bar мекемесі ғана екен. Олар жалған қызметкерге шарап сатып алудан бас тартыпты.

Осылайша, Акатов тоғыз мейрамханадан 1,2 млн теңге тауыпты. Нәтижесінде, сотта тоғыз факті бойынша кінәлі болып табылған Юрийдің қалған 11 жылына тағы бір жыл қосылған.

Ақпаратты көшіріп басу мен пайдалану тек "Время басылымы" ЖШС рұқсатымен жүзеге асады

Сіздің реакцияңыз
2
2
1
1
1
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel