RU
Жомарт Ертаевтың ісі бойынша күдіктелген әйелдің күйеуі бизнесменнен қысым көргенін айтуда
Жаңалықтар Қоғам

Жомарт Ертаевтың ісі бойынша күдіктелген әйелдің күйеуі бизнесменнен қысым көргенін айтуда

Рассказать Вконтакте

Жомарт Ертаевтың ісі бойынша күдікті деп танылған Татьяна Пактың жолдасы Евгений Пак бизнесменнің тарапынан болған қоқан-лоққы әрекеттер жайлы айтты. Татьяна Пак Алма ТВ бірлестігінің 100 пайыз акциясы тиесілі "Ассет Инвест" компаниясының басшысы болып қызмет атқарған деп хабарлайды NUR.KZ.

Жомарт Ертаев/ Евгений Пак. Фото: ТОО "Алма ТВ" және NUR.KZ. Коллаж NUR.KZ

Жомарт Ертаев/ Евгений Пак. Фото: ТОО "Алма ТВ" және NUR.KZ. Коллаж NUR.KZ
Source: UGC

"2017 жылдың қыркүйек айында Ертаев компаниясын менің әйелімнің атына аудару туралы өтінішін білдірген болатын. Мен ол кезде Мәскеуде, әйелім Алматыда тұрды. Негізі қағаз жүзінде "Алма ТВ"-ның басшысы Ертаев болды.
Ешқандай қылмыстық әрекеттерді байқамағандықтан келісімімізді бердік. Алайда, келісімшартқа отырғаннан кейін ғана компанияның 30 млрд қарызы бар екені белгілі болды. Ертаев оны несие түрінде алған. Әйелімді құзырлы органдарға жауап алуға шақырта бастады. Ертаев оған қорғаушы жалдады" , - дейді Евгений Пак.

Күдікті әйелдің жұбайының айтуынша, Ертаев пен қорғаушылар ерлі-зайыптыларды жалған жауап беруге көндірген. Олар айтқанын істемеген жағдайда Татьянаға қатысты қылмыстық іс қозғалу мүмкін деп айтқан.

"Татьяна коммуникация саласында ешқашан қызмет етпеген. Ол компанияны бөліп төлеу жүйесі бойынша алғанын айту керек болды. Жауап беруден кейін әйелімді тұтқындады. Ол алты айға жуық уақытын түрмеде өткізді. Ертаев органдардың әрекетін заңға қайшы деп айта берді. Ол бізге көмектесе алмады. БАҚ-та үлкен әрі алдын ала жоспарланған компания құрастырды. Оған қоса, айта кетерлігі ақпарат құралдарында тарап үлгерген Татьянаның президентке жолдаған хаты жалған. Оны әйелім жазбақ түгіл, ол хат жайлы мүлде естімеген.
Мәскеуде бола тұра Ертаев өз жауапкершілігінен қашып, нәзік әйелдің артында тығылып жүргендей күйде болды. Оның әрекетінің мақсатына көзім жете бастаған соң, мен Қазақстанға қайтуды жөн санадым. Оған елге қайтып, жауап берем деп ескертім. Өз кезегінде кәсіпкер мені райымнан қайтаруға тырысты. Ол мені бірден қамауға алатынын айтты.
Қоқан-лоққы мен қысым көрсету арқылы ол маған өзіне қарсы ақпарат бермейтінім туралы қағазға қол қойдыртып алды. Бұл құжаттар қысыммен жасалғандықтан олардың заңдық күші жоқ" , - дейді Евгений Пак.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Бүгінде Жомарт Ертаев үйінен шықпау мен ұялы телефон қолданбау шарасына қарамастан телефонды емін-еркін пайдалануда дейді Евгений Пак.

"2017 жылдың 2 қыркүйегінде Ертаев өз қауіпсіздік қызметкерлерін менің үйіме жіберіп, отбасыма қоқан-лоққы көрсетті. Олар менің жанұямдағы адамдарды қырып тастайтындарын айтты.
Олар менің ұялы телефонымды тартып алды. Ертаев мұны өзінің жазған хабарламаларының тарап кетпесі үшін жасатты" , - деп жанайқайын жеткізді Пак.

Бұл оқиғаға қатысты, күдікті әйелдің жолдасы Ертаевты сотқа беріп, оның үстінен шағым түсірген.

Евгений Пак Жомарт Ертаевпен 2009 жылы Алматыдағы уақытша тергеу изоляторында танысқан. Ертаев Альянск банкінің қаржысының жоғалғаны туралы істе күдікті болса, Пак жалған серіктестік ісі бойынша күдіктелген болатын.

Татьяна Пактың күйеуі қазақстандық кәсіпкермен арадағы хат алмасуының скриншоттарын ұсынған.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel