RU
Мүгедек баласын қайыршылыққа салған әйел елді шошытты
Жаңалықтар Әлемде

Мүгедек баласын қайыршылыққа салған әйел елді шошытты

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның Кара-Суу ауданындағы "Туратаалы" базарында өз баласын қайыршылыққа жалға берген әйел жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: way2self.in.ua

Көрнекі фото: way2self.in.ua

1998 жылғы әйел 2008 жылы туған 1-топтағы мүгедек баланы қайыршылыққа алып шығып жүрген. Ал оның анасы баласының күнделікті еңбегі үшін 20 жастағы азаматшадан 200 сом ақы алып отырған.

Осыған қатысты әйел адамның үстінен Қырғызстанның Қылмыстық кодексіне сәйкес іс қозғалған.

Кейінірек облыстық Ішкі істер басқармасы әйелдің қиын тұрмыстық жағдайына байланысты істі ақсақалдар сотына тапсырады.

Жауапкершілікке тартылған әйел бес баланы жалғыз өзі асырап келген. Сондықтан ақсақалдар алқасы оны қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім шығарды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel