RU
Қырғызстанның экс-шенеунігі "Эйр Астана" бортындағы шудың неден шыққанын айтты
Жаңалықтар Әлемде

Қырғызстанның экс-шенеунігі "Эйр Астана" бортындағы шудың неден шыққанын айтты

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның Еңбек және әлеуметтік даму министрінің бұрынғы орынбасары Зууракан Кәденова "Эйр Астана" бортында орын алған жағдай туралы айтып берді деп хабарлайды 24.kg сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Зууракан Кәденова. Фото: knews.kg

Зууракан Кәденова. Фото: knews.kg

Экс-шенеуніктің айтуынша, өзінің бортта жайсыз сезінуіне ішімдік емес, дәрі әсер еткен екен.

Оның сөзінше, ұшардың алдында ол валерьянка қабылдап, тіркеу уақытында корвалол ішкен.

Шенеуніктің айтуынша, тіркеу орнында оны көп ұстап қалған екен. Артынша амалы қалмаған келіншек ұшаққа үлгеру үшін қатты жүгірген көрінеді.

Кәденова орнына отыра бергенде екі бөтелке "Кока-кола" да ішіпті.

Осыдан кейін экс-шенеуніктің жағдайы нашарлап, жүрегі айни бастаған.

Оқиғаның себебін министрдің бұрынғы орынбасары соңғы уақытта пайда болған жүрек ауруымен және Сеулде ұстаған диетамен түсіндірді.

Естеріңізге сала кетейік, министрдің орынбасары Сеулден келе жатқан "Эйр Астана" ұшағының бортында шу шығарғаны лезде БАҚ беттерінде тарап кеткен еді.

Аталған оқиғадан соң Зууракан Кәденова лауазымды қызметінен босатылған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel