RU
Алматыда ұшты-күйлі жоғалып кеткен профессор өлі күйінде табылды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда ұшты-күйлі жоғалып кеткен профессор өлі күйінде табылды

Рассказать Вконтакте

Із-түзсіз жоғалып кеткен Қазақ ұлттық аграрлық университеті профессоры Алматы облысының территорисында өлі күйінде табылды. Жергілікті полиция қызметкерлері бұл іске қатысы бар күдіктіні ұстады деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Facebook/ Ислам Угушев

Фото: Facebook/ Ислам Угушев

17 тамыз күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры Ағыбай Смағұлов жоғалып кеткен еді.

Смағұловтың туыстары қала тұрғындарынан іздеу жұмыстарына қол ұшын беруді сұраған. Олар тек қарияның Қарасай ауданына кетіп бара жатқанынан ғана білген екен.

Бүгін жоғалған азаматтың денесі Алматы облысынан табылды.

"Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында бұл іске қатысы бар күдікті ұсталды. Тергеу барысында ол профессордың денесі көмілген орынды көрсетті. Қазір "адам өлтіру" ісі бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды" , - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Бір жыл бұрын студенттер Ағыбай Смағұловтың тоғыз қабырғасын сындырып, тонап кеткен еді. Олар қарияның 23 млн теңгесін қолды қылған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
5
5
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel