RU
Қарағандыда төрт азамат үй иесін сабап, дүниесін тонап кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда төрт азамат үй иесін сабап, дүниесін тонап кеткен

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда бетперде киген төрт азамат жеке үйге кіріп, ондағы адамдарды сабап, байлап тастаған. Ал өздері бағалы затарын алып, оқиға орнынан іздерін суытқан деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: yarreg.ru

Көрнекі фото: yarreg.ru
Source: UGC

Үй тонау оқиғасы өткен жылдың сәуір айында болған. Қылмыскерлер қару ретінде қолдан жасалған мылтыққа ұқсас құралды және ойыншық тапаншаны пайдаланған.

"Ұрылар үйге кіре сала отағасын ұрып, басқаларына тапжылмай отыруға бұйрық береді. Әбден қорқып қалған әйелі мен бала-шағасы аяушылық сұрап, бағалы заттарының қайда тұрғанын айтып берген. Қарақшылардың бірі оларға қарап, қалғандары ақша мен алтын бұйымдарын жинап келген", - делінген қылмыстық іс материалында.

Қылмыстық іс нәтижесінде ұрылар үй иесін 1 миллион 259 мың теңге шығынға батырған. Оған қоса көліктерін де айдап қашып кеткен көрінеді.

Бірнеше ай өткен соң күдіктілердің үшеуі қамауға алынып, төртінші мүшесінің кім екені анықталмай келген.

Белгілі болғандай, қылмыстық істің бір мүшесі 34 жастағы Қарағанды облысының тумасы. Ол қаладағы автопаркте қоғамдық көлік жүргізушісі болып жұмыс істеп жүрген. Отбасылы, алты баланың әкесі.

Тағы екі күдікті Ақтөбе және Павлодар облыстарының тұрғындары. Олардың бірі бұрын сотты болған екен. Түрмеде отырып шыққан азамат сот отырысында барлық кінәні өз мойнына алып, бірге болған достарын ақтап алмақ болған. Айтуынша, ол қылмыстық істі өзі ұйымдастырып, екі досын жанында жүруге көндірген. Ал үй иесін сабаған - қашып жүрген төртінші күдікті екен.

Алайда сот төрешісі барлық үш күдіктіні де кінәлі деп тауып, оларға тиісті жаза тағайындады. Сонымен, бұрын сотты болған азамат 10 жыл қатаң режимдегі колонияға, қалған екеуі 8 және 7 жыл орташа режимдегі түзету колониясына тоғытылды.

Оған қоса сотталушылар жәбірленушіге 1 миллион 80 мың теңге моральдық шығынды өтеп беретін болды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel