RU
Роналду мен Месси әлемнің үздік футболшысы анықталатын рәсімге келмейтін болды
Жаңалықтар Спорт

Роналду мен Месси әлемнің үздік футболшысы анықталатын рәсімге келмейтін болды

Рассказать Вконтакте

ФИФА тарихында 11 жылда алғаш рет әлемнің үздік футболшысы анықталатын марапаттау Роналду мен Мессидің қатысуынсыз өтпек. Футболдың екі жарқын жұлдызы да салтанатты шараға келмейтіні белгілі болды. Аяқ допшылардың ФИФА-ның мерекелік кешінен гөрі маңызды шаруалары бар болса керек деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru
Source: UGC

Екі футболшының келмеуінің себептері әртүрлі болып шықты. Үздік футболшылардың үштігіне ілінген Роналду үшін "Ювентустың" алдағы ойынға дайындығы маңызды болған.

Португалиялық жұлдыз енді футбол ұйымдарына сенімсіздік танытып, олардың ұйымдастырылуынадағы шараларға қатысудан біртіндеп бас тартпақ көрінеді.

Ал Мессидің ФИФА шарасына келмеу жеке себептеріне байланысты болған. Оған қоса, Роналдумен салыстырғанда аргентиналық футболшы үздік үштікте де бой көрсетпеген.

Бұл марапаттың бірнеше дүркін жеңімпазы өз есімінің үздіктер қатарында жоқ болғанына қатты қапалы болса керек.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel