RU
Қырғызстандық елші экс-вице-министрдің мас күйінде ұшаққа отырғанын мәлімдеді
Жаңалықтар Әлемде

Қырғызстандық елші экс-вице-министрдің мас күйінде ұшаққа отырғанын мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның Кореядағы елшісі бұрынғы министр орынбасары Зууракан Каденованың мас күйінде ұшаққа отырғанын мәлім етті. Бұл туралы vesti.kg сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Зууракан Каденова. Фото: kg.akipress.org

Зууракан Каденова. Фото: kg.akipress.org
Source: UGC

Қырғызстанның әлеуметтік даму министрінің бұрынғы орынбасарын мас болғаны үшін Кореяда ұшақтан түсіріп кеткен.

"Мен бұл туралы айтқан дұрыс па деп көп ойландым. Бірақ ол алкогольдік ішімдік ішепедім деп сенімді түрде айта бастаған соң, бар шындықты ашуды жөн санадым.

Сол күні Сеул әуежайынан маған хабарласып, болған жайтты түсіндірді. Елшілікке хабарлағаны, дипломатиялық құжаты бар қырғызстандық әйелді рейстен алып тастаған екен. Оқиға орнына менің әріптесім барды. Ол Каденованың теңселіп тұрғанын, алкоголь иісі қатты шыққанын және көйлегіне құсып тастағанын айтып берді. Жанында полиция және әуе компаниясының қызметкерлері болған", - дейді елші Кылычбек Султан.

Сондай-ақ елшінің айтуынша, оқиға орнында Каденоваға медициналық сараптама жасалмаған. Сондықтан ол мас болғанын жасырып қалғысы келеді екен.

"Осы туралы БАҚ-та айтыла бастаған соң, бізге президент аппаратынан хабарласып, бұл ақарат тарамасын деген тапсырма берді. Нақты кім қоңырау шалғанын білмеймін. Бірақ болған іс болды. Бүгін баспасөз конференциясына шығып, өз әріптестерімді қиын жағдайда қалдырдым. Бірақ біз үнсіз отыра алмаймыз, себебі ақпаратты жасырудан енді пайда жоқ", - деп сөзін қорытындылады ол.

Еске салсақ, бірнеше күн бұрын қырғызстандық виц-министр Зууракан Каденованың "Эйр Астана" ұшағында шу шығарғаны жайлы ақпарат тарады.

Дәл сол күні экс-шенеунік қызметінен де босатылған.

Кейін өзінің ұшақтағы әркетін түсіндірген Каденова жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында өзінің дәрілік препарат ішкен соң жағдайы нашарлағанын, алкогольді ұрттамағанын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel