RU
СІМ Сирияда екі қазақстандық баланы асырап алған әйелді іздестіріп жатыр
Жаңалықтар Қоғам

СІМ Сирияда екі қазақстандық баланы асырап алған әйелді іздестіріп жатыр

Рассказать Вконтакте

Сыртқы істер министрлігі Сирияда қауіпті аймақта ата-анасыз қалып қойған екі қазақстандық баланы іздестіру шараларын жүзеге асырап жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: vhijabe.ru

Фото: vhijabe.ru

Министрлікке өзге елде қалып қойған балалардың туысқаны Ғанибет Тажмағамбетова жүгінген.

"Ғанибет Тажмағамбетованың министрлікке жүгініп, оның жиендерін елге қайтарып алу туралы ресми арыз бергенін толығымен растаймыз.
СІМ орын алған оқиғаға байланысты Сириядағы елшілік қызметкерлеріне тапсырма беріп, тиісті шаралар Стамбұл мен Иорданиядағы консулдарға да жүктелді " , - деп мәлімдеді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Айта кетейік, бұған дейін Мысыр еліне оқуға кеткен Еркін Бексейітовтің әйелімен бірге ауған-пәкістандық шекарадағы әскери іс-қимыл кезінде қаза тапқаны жайлы жазған болатынбыз.

Анықталғандай, ерлі-зайыптылардың балаларын басқа бөтен әйел асырап алған. Марқұм азаматтың әпкесі енді өзге елде қалып қойған жиендерін қайтара алмай әлек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
1
1
2
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel