RU
"Намыс қайда?!": Орысша сөйлеген шенеуніктер депутаттың ашуына тиді
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Намыс қайда?!": Орысша сөйлеген шенеуніктер депутаттың ашуына тиді

Рассказать Вконтакте

Депутат Бақытбек Смағұл үкімет сағатында орыс тілінде сөйлеген СҚО мен Алматы облысы әкімдерінің орынбасарларына шүйлікті. "Қазақстанның туристік саласын дамыту туралы" жиында елорда әкімінің орынбасары ғана қазақ тілінде сөйлеген деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Source: UGC

Үкімет сағатына еліміздің бірқатар облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысқан болатын. Мәжіліс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева өңірлерден келген өкілдерге сөз беріп, олардың ұсыныстарымен танысып шықты.

Жиында Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтан басқасының бәрі орыс тілінде сөйлегені депутат Бақытбек Смағұлды ашуға бой алдырды. Халық қалаулысы болған жайтқа қатысты өз ойын ашық түрде айтқан. Ол шенеуніктердің ана тілінде сөйлемегеніне намыстанып, оларды ел алдында сынап тастады.

"Облыс әкімдері орынбасарларының ана тілінде сөйлей алмайтыны — ұят жағдай. Бұл мемлекеттік тілді менсінбегендік пе сонда? Немесе президенттің мақсат-мұратын құлағына аспағаны ма, қалай түсінуге болады? Өте ұят жағдай! Үкімет сағатына келіп, амандасу да жоқ. Намыс қайда?!", - деп шүйлікті Бақытбек Смағұл.

Өз кезегінде мәжіліс төрағасының орынбасары үштілділікті айтып әріптестерін ақтап алуға тырысқан.

"Бүгінгі күні кез келген адамның екі немесе үш тілде сөйлеуге құқығымыз бар. Мұнда келгендердің барлығы дерлік қазақша білмейді деген дұрыс емес. Көбісі біледі. Тек олар өз ойын ұғынықты қылып жеткізу үшін орысша сөйлеп тұрғаны ғой", - дейді Исимбаева.

Сіздің реакцияңыз
24
3
0
3
0
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel