RU
Бас мүфти 7 жастағы қызының басынан орамал шешпей отырғандарды сабырға шақырды
Жаңалықтар Қоғам

Бас мүфти 7 жастағы қызының басынан орамал шешпей отырғандарды сабырға шақырды

Рассказать Вконтакте

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Ақтөбе облысына бірнеше күндік жұмыс сапарымен келді. Оқушының орамалына қатысты пікір білдірген бас мүфти кейбір азаматтарға сабырлы болу керектігін айтты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: muftyat.kz

Фото: muftyat.kz
Source: UGC

"Қазір қоғам ішінде орамал түрлі пікір қалыптастырып отырған дүниенің бірі. Балиғат жасына жетпеген 7 жастағы қыз бала, 1, 2, 3 сынып оқушысының тағдырын тәлкекке салып, саудаға салу секілді жағдайға бару жаңсақ пікірден. Алла бұйырған уақыт пен сәт келмейінше, ата-ана қатаң түрде өз көзқарасына басымдық беруіңе болмайды. Сондықтан мен әрбір іске түсіністікпен қарым-қатынас жасауға шақырамын.
Білім беру ошақтарының ішкі талаптарын да жақсы білеміз. Бірақ, азаматтарымыздың діни-сенім бостандығын сақтай отырып, ұрпағымыздың білім алуына шек қоймауымыз керек. Түсіністікпен, құрметпен қарауға шақырамын. Өзара түсіністікпен жұмыс істейтін болсақ, барлық нәрсе жүзеге асады деп ойлаймын. Бала біздің болашағымыз, олар білім алу керек", - дейді Серікбай қажы Ораз.

Бас мүфти баласына екпе салғызудан бас тартып отырғандардың да қателесіп отырғанын айтты.

"Екпеден саналы түрде бас тартып отырған азаматтардың бар екенін біз жақсы білеміз. Екпеден бас тарту жаңсақ пікір. Меккеге қажылыққа бара жатқан адамнан екпе талап етіледі. Екпесіз қасиетті жерге ешкімді кіргізбейді", -дейді бас мүфти.

Ақтөбеде қала бойынша 25 бала орамалға қатысты сабаққа қатыспай жүр. Ал бас мүфти республикалық мәліметтен хабарсыз екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз
2
0
3
2
3
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel