RU
Алдағы үш күнде елімізде күн жылынады
Жаңалықтар Қоғам

Алдағы үш күнде елімізде күн жылынады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын Қазгидромет ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Күннің жылынуы. Көрнекі фото: pixabay

Күннің жылынуы. Көрнекі фото: pixabay

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 25-27 қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болмақ. Батыс облысынан басқа республиканың көптеген облыстарында жаңбыр шақырған циклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне ауысты.

Ал Қазақстанға антициклон жылжыды. Ол да ұзаққа созылмайды. Батыс облыстарына суық атмосфералық фронттар жылжи бастады, онымен батыс және солтүстік-батыс облыстарында алдағы үш тәулікте кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады және екпінді батыс желі соғады деп күтіледі.

Қазақстанның қалған аумағында осы күндері осы кезеңге тән климаттық нормадан жоғары температура және жауын-шашынсыз ауа райы басым болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel