RU
Өтірігі әшкереленген "Украина аруы" ел алдында масқара болды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Өтірігі әшкереленген "Украина аруы" ел алдында масқара болды

Рассказать Вконтакте

"Украина аруы" сұлулық байқауында топ жарған Вероника Дедусенконың жеңісі есепке алынбай, бойжеткеннен жеңімпаз тәжі тартып алынбақ. Бұл жағдайдың орын алуына арудың отбасылы екенін жасырып қалуында болcа керек деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru
Source: UGC

Көпшілік Верониканың сұлулық байқауының басты шартын бұзғанын болжады. Украина халқы елдің ең сұлу аруы атанған бойжеткеннің отбасылы екенін жасырып қалды деп ойлайды.

Мемлекеттік жобаны ұйымдастырушы комитет жақын арада орын алған оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасайтындарын хабарлады.

Бас жүлде үшін 300 мың гривен алып үлгерген ару да әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ. Бойжеткен Қытайда өтетін "Әлем аруы" байқауында ел намысын қорғау керек болған.

Жаңа "Украина аруы" 30 қыркүйек күні анықталмақ.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel