RU
Атырауда қарулы бұзақы "Қазпоштадан" миллион теңге ұрлап кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Атырауда қарулы бұзақы "Қазпоштадан" миллион теңге ұрлап кетті

Рассказать Вконтакте

Атыраудағы "Қазпоштаның" бір бөлімін тонап кетті. Мекеме қызметкерінің басына тапанша төсеп, оны қорқытқан ер адам кассадан миллион теңге ұрлаған. Бұл туралы ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Садубаев мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: odnews.info

Фото: odnews.info

Қарулы бұзақы ғимаратқа кірген бойда қызметкерге қоқан-лоққы көрсетіп, оның айтқанын жасамаған бойда оқ жаудыратынын айтқан.

Нәтижесінде, жоспарын іске асырған ер адам "Қазпоштадан" миллион теңгені қолды еткен.

Алайда, дер кезінде әрекет еткен тәртіп сақшыларының арқасында қылмыскер ұсталып, өз кінәсін толығымен мойындаған. Оған қоса, ол ұрланған қаржының жаратып үлгермеген бөлігін қайтарып берді.

Тұтқындалған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel