RU
Қазақстанда жемқорлыққа белшеден батқан қала анықталды
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда жемқорлыққа белшеден батқан қала анықталды

Рассказать Вконтакте

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі елімізде жемқорлық бойынша бірінші орында тұрған қаланы анықтады. Парақорлық бойынша көштің басын еліміздің бас қаласы Астана бастап тұр деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: sputniknews.kz

Фото: Sputnik Казахстан
Source: UGC

Агенттіктің дерегінше, 2018 жылдың басынан бері елорданың өзінен 112 жемқорлық дерегі тіркелген. Бұған басты себеп бас қалада мемлекеттік орындардың көптеп шоғырланғануы екен.

Парақорлық жөнінен екінші және үшінші орындарды Түркістан мен Қостанай өңірлері бөлісіпті.

Ал ең төменгі нәтижені Солтүстік Қазақстан аймағы көрсетіп отыр.

Айта кетейік, жемқорлық деректері негізінде жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, құрылыс, білім беру салаларында көптеп кездеседі екен.

Дереккөз КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel