RU
Алматыда өлі күйінде табылған профессорға қатысты тың дерек шықты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда өлі күйінде табылған профессорға қатысты тың дерек шықты

Рассказать Вконтакте

Алматыда өлі күйінде табылған Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры Ағыбай Смағұловты күдікті азамат тұншықтырып өлтіргені анықталды деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жаксаған NUR.KZ.

Ағыбай Смағұлов. Фото: КТК арнасы

Ағыбай Смағұлов. Фото: КТК арнасы
Source: UGC

Күдіктінің профессорды дәл осы жолмен өлтіргені тергеу нәтижесінде анықталған.

Жақындары Смағұловтың жоғалар алдында қала сыртындағы өз фермасына кеткенін айтқан. Осыдан кейін оны ешкім көрмепті.

Тергеушілер бір ай дегенде күдіктінің ізіне түседі. Тұрғындардан жауап алу барысында сауалнамаға қатысқан жергілікті тұрғындардың біреуі дәлелдемелер берген кезде фактілерді үнемі шатастырған.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ер адамнан күдіктенеді. Ер адамды мұқият тергегенде, ол қылмысын мойындаған.

Қазір азаматтың бұл қылмысты неліктен жасағаны анықталып жатыр.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
5
0
6
12
3
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel