RU
Қарағандыда "Фольксваген Гольф" көлігі балалар бақшасына бір-ақ соғылды (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қарағандыда "Фольксваген Гольф" көлігі балалар бақшасына бір-ақ соғылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда "Фольксваген Гольф" көлігі "Хундай акцентпен" соқтығысып, балалар бақшасының қоршауына соғылған. Абырой болғанда оқиғадан балалар не олардың ата-аналары зардап шекпеген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: Куәгерлер

Фото: Куәгерлер

Алдын-ала болжамы бойынша, Нүркен Әбдіров даңғылымен келе жатқан "Хундай акцент" солға бұрылып, "Фольксваген Гольф" көлігін жібермей қойған. Салдарынан көлік балабақша қақпасына соғылған.

Оқиғаға шын мәнісінде кімнің кінәлі екенін полицейлер анықтайтын болады. Кінәлі азамат зардап шеккен көліктің өтемақысын төлеп қана қоймай, балабақша қақпасын да қалпына келтіреді.

Себебі мекеменің қақпасына айтарлықтай зақым келген.

Фото: Куәгерлер

Фото: Куәгерлер

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel