RU
Ақтөбеде жол полицейіне пара берген жүргізушінің басы бәлеге қалды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде жол полицейіне пара берген жүргізушінің басы бәлеге қалды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде жол сақшысына 2000 теңге берген азаматтың басы дауға қалды деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: liter.kz

Фото: liter.kz
Source: UGC

Белдік тақпағаны үшін салынған айыппұлдан қашып, "пара" берген азамат енді 500 мың теңге көлемінде қаражат төлеуге мәжбүр.

Берілген парадан бас тартқан жол сақшысы оқиғаны бейнебақылауға түсіріп алған.

Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Расул Медетовтің айтуынша, ер адам өзінің кінәсін мойындамаған. Тіпті айыппұл төлеуден жалтарған.

Сондай-ақ ер адамның оқиғадан кейін бір апта ішінде 6 мың теңге айыппұл төлеуіне де мүмкіндігі болған. Заңға бағынғысы келмеген жігіт енді 481 мың теңге төлеуге міндеттелген.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel