Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шашын тақырлап алып, елді шулатқан Маржан Сұлтанбай қайда жүр?

Опубликовано:

Айжан Байзақоваға арналған жазба жариялаған журналист, блогер Өркен Кенжебек Маржан Сұлтанбайдың қазір қайда жүргенін мәлім етті деп жазады NUR.KZ.

Маржан Сұлтанбай. Фото: 1show.kz
Маржан Сұлтанбай. Фото: 1show.kz: UGC

Журналист біраз жыл бұрын Маржан Сұлтанбайдың да ашық-шашық киімге құмар болғанын, алайда қазір бақытты екенін жасырмады.

"Байзақова қазір бетімен кеткенімен, "басында ұяты түгел, ибалы қыз еді" дегенді білемін. Анасы намаз оқиды екен. Өзі де намаз оқыған. "Анасымен қатты ұрысып, осы ісін ерегесіп істейді" дегенді естідім. Кім біліпті", - деді журналист.

Сондай-ақ Өркен Кенжебек Instagram парақшасында Байзақоваға батырып ештеңе айта алмайтынын да жеткізді. Өйткені, журналист ондай сәтте әріптесі Маржан Сұлтанбайды есіне түсіреді екен.

"Ол да шашын түгел алып, ашық-шашық киімге әуестенді. "Әй, осы түзелмейді" деген сәтте, күрт өзгеріп шықты. Орамал тақты. Тұрмысқа шықты. Баланы да, бақытын да тапты", - деп ағынан жарылды Өркен Кенжебек Instagram парақшасында.

Айта кетейік, күні кеше Айжан Байзақова өзінің жүкті екенін жұртқа сурет арқылы көрсеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1754477-sasyn-takyrlap-alyp-eldi-sulatkan-marzan-sltanbaj-kajda-zr/

pixel