RU
Головкин мен оның бапкері жеңілісті қалай қабылдады?
Жаңалықтар Спорт

Головкин мен оның бапкері жеңілісті қалай қабылдады?

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес аса маңызды жеңілістерден кейін спортшыларын қалай жігерлендіретінін айтты. Маман GGG-дің "Канеломен" өткен жекпе-жегіндегі жеңілісіе қалай қабыл алғандығымен бөлісті деп жазады sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Білесіз бе, бізде өте қысқа естеліктер болу керек. Болған оқиғаны артқа ысырып алға қарай ұмтылу мүмкіндігіне ие болғанымыз абзал. Әрбір қателік, жеңіліс пен сәтсіздіктер - үлкен сабақ. Сол үшін біз қайта оралып, тарихты қайта жазып шығуымыз керек" , - дейді Абель Санчес.

Айта кетейік, Геннадий Головкин Сауль Альвареспен өткен екінші жекпе-жегінде жеңіліс тауып, WBA Super, WBC және IBO дәрежелі жүлделерінен айырылып қалған болатын.

Бұл боксшылар арасындағы алғашқы кездесу даулы нәтижемен аяқталған. Өзара тең түскен жекпе-жектің соңы сынға толы болды.

Екінші жекпе-жекте "Канело" төрешілердің шешімімен жеңімпаз атанды. Алайда, журналистер мен бокс жанкүйерлерінің басым көпшілігі жекпе-жек нәтижесіне сенімсіздік танытып, оны әділетті түрде өткеніне күмәндануда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
3
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel