RU
Ресейде Қазақстан азаматы қайтыс болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ресейде Қазақстан азаматы қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

52 жастағы Түркістан азаматы Ресейдің Калуга қаласында қаза тапты. Ол бес қабатты тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарымен айналысып жатып, шатырдан құлап кеткен деп хабарлайды ИА REGNUM агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: GorodLip.ru

Көрнекі фото: GorodLip.ru

Марқұм болған азамат тұрғын үйлердің алдын жөндеумен айналысқан. Куәгерлердің айтуынша, жөндеу жұмыстары кезінде жоғарыда жүргендер қарапайым сақтық шараларын сақтанбаған.

Калуга облысы бойынша тергеу комитеті аталмыш оқиғаның тексерілетінін мәлім етті. Сондай-ақ, қаза тапқан қазақстандық Ресей Федерациясында заңсыз жұмыс істеген болуы мүмкін деген болжам айтылды.

Оқиғаның мән-жайы анықталған соң, жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамауға байланысты қылмыстық іс қозғау туралы шешім шығарылады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
2
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel